Балаларды Ashyq жүйесіне енгізу мәселесі әлі қарастырылған жоқ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Вакцина алған балалардың паспорт болады. Бірақ, сол балаларды Ashyq жүйесіне енгізу мәселесі әлі қарастырылған жоқ. Ол ведомствоаралық комиссия отырысында қаралады. Қазір ең алдымен балалардың арасында вакцинация жүргізіп, осы аурудан қорғау мәселесімен айналысып жатырмыз», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның атап өтуінше, бүгінде балаларға вакцина алу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жан-жақты жүргізіліп жатыр.
«Түсіндіру жұмыстары мұғалімдердің, медицина қызметкерлерінің тарапынан жүргізіліп жатыр. Бірден айту керек, вакцина баланың ата-анасының келісімімен ғана салынады», - деді Ажар Ғиният.
