Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оқуын тастап кететін балалар мәселесі туралы айтты. Ол Үкіметке бұл мәселені шешуді тапсырды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап.
"Тағы бір мәселе туындады, бұны "қиындық" десе де болады. Балалар оқуын тастап кетіп жатыр. Себебі оның қажеттілігін көрмейді. Мен Үкіметке бұл мәселені байыпты түрде шешуді тапсырамын. Әсіресе, қашықтан оқыту форматына арналған ақпараттық жүйелер сапасын арттыру арқылы. Білім беру қолжетімді және инклюзив болуы керек", - деді Мемлекет басшысы.
Президенттің атап өтуінше, пандемия кезіндегі қашықтан оқыту қорытындысы ұлттық телекоммуникация желісі тиімділігінің жеткіліксіздігін көрсетіп берген.
«Бұл базалық қарапайым білімі жоқ оқушылардың үлкен легінің пайда болуына алып келді», - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, жағымды жаңалықтар да жоқ емес.
"Биыл бірнеше қазақстандық мектеп оқушысы бірден халықаралық турнир олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Мұндай дарынды балаларға қолдау қажет. Біз оларға жоғары оқу орындарына конкурстан тыс негізде оқуға түсу үшін гранттар береміз, бір жолғы төлем тағайындаймыз. Балаларды тәрбиелеген мұғалімдерді моральдық және материалдық жағынан ынталандыру керек", - деді ол.
