#
#
Сенбі 17/04/2021

Балалар мектепте маскамен отыруы тиіс пе - Жандарбек Бекшиннің жауабы

  • 05.03.2021
  • 0
  • 124

Алматыда көптеген оқушылар оқытудың аралас түріне көшті. Оқудың санитарлық талаптары туралы онлайн брифинг барысында қалалық Санитарлық экпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 5 жасқа дейінгі балалар ғана маскасыз жүре алады. Ал 5 жастан асқан балалар маска тағуы тиіс. Бұл мектептің басқа да қызметкерлері мен ұстаздарына қатысты», - деді бас санитарлық дәрігер.

Оның айтуынша, қазіргі коронавирус толқыны өткендегімен салыстырғанда балаларға жиірек жұғып жатыр.

«Мысалы былтыр пандемия басталғалы 281 оқушы ауырған. Ал биыл жыл басынан бері 2 айда 500 оқушы ауырған. Бұл мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне де қатысты. Егер былтыр сәуірден желтоқсанға дейін 28 бала жұқтырса, биыл 38 бала жұқтырған», - деді спикер.

Бекшиннің айтуынша, балалар офлайн оқу кезінде де ата-аналарынан, туыстарынан жұқтырып жатыр. 

«Көбінесе офлайн форматта оқитын балалардың 61%ы үйінде жұқтырғаны анықталып отыр. Ал былтыр 4 мұғалім ауырса, биыл 10 мұғалім жұқтырған», - деді Бекшин.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар