Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ЭЫДҰ бас хатшысы Анхель Гурриамен кездесу өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz порталына сілтеме жасап.
Кездесу барысында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен алдағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығы 2008 жылдан бастап Орталық Азия, Кавказ және Шығыс Еуропаның 13 елі қатысушылары болып табылатын Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді.
Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығы аясындағы негізгі мақсаттар:
ЭЫДҰ экспорттық әлеуетін тарту арқылы ҚР экономикалық өсімін қамтамасыз ету;
ЭЫДҰ Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасын іске асыру арқылы ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
ҚР-ның ЭЫДҰ елдерінің стандарттарына жақындауы және келешекте әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылу.