Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев барон Эрик де Ротшильдпен кездесу өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бақытжан Сағынтаев барон Эрик де Ротшильдпен кездесу өткізді, онда инвестициялар тарту мен екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Айта кетейік, Rothschild & Co - Ротшильдтер әулетіне тиісті, екі жүз жылдық тарихы бар халықаралық тәуелсіз қаржы-консультациялық фирмасы. Фирманың төрт бөлімшесі бар: жаһандық қаржылық кеңес беру, акционерлік капиталға тікелей инвестициялар, ауқатты клиенттердің активтерін басқару және институционалдық инвесторлардың активтерін басқару.
Фирма 2010 жылдан бастап 419 мәміле жасаған, олардың жалпы құны $478 млрд құраған. Акционерлік капиталмен мәміле бойынша «Ротшильд» мамандары компанияның Лондондағы, Париждегі, Миландағы, Нью-Йорктегі, Гонконг және Сиднейдегі бөлімшелерінде бар. «Ротшильд» ТМД аумағында 1994 жылдан бері Ресейде қызмет істейді. Қазақстанда компанияның белсенді жұмысы 2006 жылдан басталған.