12 қыр, 2020 сағат 09:30

Бахрейн Израильмен дипломатиялық қатынас орнататын төртінші араб елі болмақ

Бахрейн Израильмен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру туралы келісім жасасатын төртінші араб елі болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

АҚШ, Бахрейн және Израильдің бірлескен мәлімдемесіне сәйкес, бұл - АҚШ президенті Дональд Трамптың Беньямин Натаньяху және Бахрейн Королі Хамад бин Иса Әл-Халифамен осы жұмада өткізген келіссөздерінің нәтижесі болды. Д. Трамп келісімді «тарихи серпіліс» деп атады, ал Бахрейн Египет, Иордания және БАӘ-ден кейін Израильмен осындай келісім жасасқан төртінші араб елі болады. 

БАӘ Бахрейн мен Израильдің қарым-қатынас орнату туралы шешімін құптады, олар бұл аймақтағы және бүкіл әлемдегі бейбітшілік пен ынтымақтастыққа оң әсер етеді деп үміттенеді.

Бұл - қауіпсіздік пен өркендеу дәуіріне елеулі қадам, сондай-ақ экономикалық, мәдени, ғылыми және дипломатиялық ынтымақтастық саласын кеңейтеді», - делінген БАӘ Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде. 

15 қыркүйекте БАӘ мен Израиль қатынастарды қалыпқа келтіру туралы келісімге қол қояды. Дәл сол күні Бахрейн мен Израиль келісіміне де қол қойылады.