АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкция салуды жоспарлап отыр, бұл жолы президент Владимир Путинмен байланысы бар ресейлік миллиардерлер нысанаға ілігуі мүмкін, - деп хабарлады БАҚ.
Reuters агенттігі мен Washington Post газетінің аты-жөнін атамаған америкалық шенеунікке сілтеп хабарлауынша, Кремльдің 2016 жылы АҚШ президенті сайлауын килігуіне жауап шараларын қабылдау туралы заңы аясында кем дегенде Ресейдің бес азаматына санкция салынбақ.
Washington Post басылымының жазуынша, жаңа санкция АҚШ Қаржы министрлігі қаңтар айында жариялаған тізімдегі ауқатты адамдарға салынады. Ол тізімге мемлекеттік "Газпром" компаниясының басшысы Алексей Миллер, "Роснефть" компаниясының басшысы Игорь Сечин сияқты бизнесмендер бар.
Reuters-тің хабарлауынша, жаңа санкция 5 сәуірде-ақ жарияланатынын хабарласа, Washington Post санкция 6 сәуірде салынатынын жазды.
АҚШ соңғы рет 15 наурызда ресейлік 19 азамат пен бес ұйымға, оның ішінде Ресей барлау қызметіне қарсы санкция салған. Санкцияға ілінгендер АҚШ-тағы президент сайлауы кампаниясына килігіп, хакерлік шабуылдар жасады деп айыпталған.
АҚШ Конгресінің кейбір мүшелері бұған дейін Дональд Трамп әкімшілігін Ресейге сайлау процесіне киліккені үшін жеткілікті түрде жаза қолданбады деп сынаған.