#
#
Жексенбі 11/04/2021

Бағдат Мусин Шымкент қаласын цифрландыру барысымен танысты

  • 05.03.2021
  • 0
  • 743

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жұмыс сапарымен Шымкент қаласында жүр. Ведомство басшысы қаланы цифрландыру барысымен танысып, бірқатар нысандарды аралады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жұмыс сапары барысында Бағдат Мусин қала әкімі Мұрат Әйтеновпен кездесіп, Шымкенттің цифрлық даму саласындағы ағымдағы жай-күйі мен алдағы жылға арналған жоспарларды талқылады. 

Министрлік басшысы Көкбұлақ тұрғын алабында болып, тұрғындармен кездесіп, байланыс қызметінің сапасын тексерді. 

Бүгінгі таңда Көкбұлақта WCDMA және LTE технологияларын пайдаланатын ұялы байланыс операторларының базалық станцияларына арнайы антенналар орнатылған. 

Жұмыс сапары барысында қоғамдық қалалық көлікте Министрге электрондық билеттеу жүйесі таныстырылды. Сонымен қатар, Бағдат Мусин жеке компания мен қала әкімдігінің бірлескен «Самокат Шэринг» жобасымен танысты. 

Министр Silkway Халықаралық университетіне барып, онда Бағдат Мусинге «SMART Hub SILKWAY» IT-орталығының «Ақылды жаяу жүргінші», 3D модельдеу, «Digital Shymkent», «Ақылды Қүнбағыс» және AntiCOVID жобалары таныстырылды. Сондай-ақ, өңірлік IT-орталықтың Astana Hub халықаралық технопаркімен ынтымақтастығы талқыланды. 

«Әрбір өңірде IT-мамандардың дамуы маңызды. Түркістан облысы мен Шымкент қаласында IT-мамандардың саны аз, бірақ талпыныс бар. 

Сол себепті, біздің тараптан өңірлерде IT-мектептер ашатын боламыз», – деп атап өтті Бағдат Мусин. 

Бұдан басқа, Министр Шымкент мұнай өңдеу зауытында және «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-де болды. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар