05 сәу, 2021 сағат 14:55

Бағдат Мусин: Saqbol сырқат таныстарыңыз туралы анонимді мәлімет береді

Saqbol қосымшасын ұялы телефонға орнату арқылы корнавирус жұқтыру қаупін азайтуға болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Saqbol қосымшасының жұмыс принципін түсіндірді. 

«Saqbol – біз ойлап тапқан нәрсе емес, халықаралық деңгейде шешілген нәрсе. Осы қосымшаны жүктеп алған адам Saqbol-ды пайдаланатын басқа адамдармен байланыста болса, бір-бірімен код алмасу арқылы сигнал береді. Сол адамдардың ішінен біреу ертең ПТР-тесттен өтіп, коронавирус жұқтырғанан анықтаса, бірнеше күн бойында контактіде болған адамдарға ақпарат береді. «Сен сол ортада болдың. Мүмкіндігінше ПТР-тест тапсырып, инфекция жұқтырмағаныңа көз жеткізіп ал» деген хабар келеді. Бірақ қосымша нақты кімнен сырқат анықталғанын айтпайды. Аноноимді түрде сондай ортада болғаныңды ғана ескертеді», - деді ведомство басшысы орталық коммуникациялар қызметінде. 

Еске салсақ, аталмыш шарада Бағдат Мусин вакцинация қашықтан жазылуға мүмкіндік беретін eGov mobile қосымшасы туралы айтқан болатын.