11 қыр, 2020 сағат 16:05

Бағдат Қожахметов ауылдарда дәрі тапшылығы болмайтынына сөз берді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ауыл-аймақтарды дәрі-дәрмекпен қамту мәселесіне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан халқының жартысына жуығы ауылдық жерде өмір сүреді. Ауылға біз өте биік дәрежеде назар аударамыз. Жаңа толқынға (коронавирус індетінің - ред.) жалпы сомасы 8,2 млрд теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынды. Халық арасында сұранысқа ие 44 түрлі дәрі-дәрмек дайындалды. Республикаға шақталған дәрі-дәрмек қорынан ауылдағы ағайын да қағылмайды деп сөз бере аламын. Жетіспеушілік байқалса, міндетті түрде министрлікке сол ақпаратты жеткізіңіздер. Ауылдық жерлердегі алғашқы медициналық көмек көрсететін мекемелер жағдайы тексеріліп жатыр. Сондықтан, ауылдарда дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды деп сенемін», - деп жауап берді ресми өкіл Орталық коммуникациялар қызметінде тілші сұрағына.