26 қаң, 2023 сағат 17:44

Ажар Ғиният сотталған вице-министрдің үстінен арыз жазбағанын мәлімдеді

Фото: Zakon.kz 

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бұрынғы вице-министр Олжас Әбішевтің үстінен полицияға арыз жазбағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

"Сіздердегі қате ақпарат. Оған қарсы арыз бергем жоқ. Біреу менің атымнан менің хабарымсыз және келісімімсіз жеке деректерімді пайдаланып, петицияға қатысқан. Онда менің жеке деректерім, соның ішінде ЖСН заңсыз пайдаланылды. Мемлекеттік органның басшысы екенімді және менің кез келген мәлімдемемді тұрғындар Денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымы деп қабылдайтынын ескере отырып, оны кім, қандай мақсатпен жасағанын анықтау үшін арыз жаздым", - деп жауап берді министр.

Сондай-ақ, Ғиниятқа "бұрынғы әріптестеріңізді қолдайсыз ба" деген сұрақ қойылды.

"Мен өз пікірімді айтқанмын. Бәрі заң аясында шешілуі керек, біз соттың шешімін күтіп отырмыз", - деді ол.

Еске салайық, 2022 жылғы қазанда экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевке қатысты үкім шығарылды.