08 ақп, 2022 сағат 17:42

Әзербайжан тұтқындағы сегіз армян солдатын еліне қайтарды


Әзербайжан былтыр Қарабақтағы қақтығыс кезінде тұтқындалған сегіз армян солдатын еліне қайтарды. Тараптар шекарадағы жағдайды ушықтырмау мақсатында жаңа келіссөз өткізу мәселесін қарастырып жатыр.

Әзербайжан ресми орындарының хабарлауынша, 7 ақпан күнгі қадам "гуманистік принципке" негізделіп жүзеге асырылған. Ақпаратқа қарағанда, армян солдаттары Ереванға оралған. Арасында былтыр қарашадағы шекара қақтығысына қатысы бар арнайы жасақ өкілдері де бар.

Ал Франция президенті Эммануэль Макронның айтуынша, Франция аталған топты Әзербайжаннан алып кету үшін ұшақ жіберген.

"Әзербайжанның 8 адамды босатуы және Арменияға қайтаруы - Эммануэль Макрон, Әзербайжан басшысы және Армения премьер-министрімен кездесуден кейін байқалған оң өзгерістердің бірі" деп жазды Туиттер желісінде Еуропа комиссиясының жетекшісі Шарль Мишель.

Баку бұған дейін 2021 жылдың 16 қарашасында 7 солдат қаза болды деп мәлімдеген. Армения алты азаматтың опат болғанын және арнайы жасақтың 30 мүшесінің тұтқындалғанын хабарлаған.