24 қаң, 2021 сағат 13:04

Азаматтарға күш қолданудың әрбір фактісі мұқият зерттеледі – ІІМ


Ішкі істер министрлігі азаматтарға қарсы күш қолданудың әрбір фактісін мұқият тексереді. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ІІМ азаматтарға қатысты күш қолдану фактілеріне баса ден қояды. Әрбір факт полиция ғимараттарында және қоғамдық орындарда орнатылған бейнекамераларды талдау арқылы мұқият зерттеледі», - деді ол министрліктің ақпарат алаңында өткен брифингіде.

Бұған дейін тәртіпсіздіктер кезінде жарақат алған 23 адам күзетілетін палаталарда ем алып жатқаны айтылған еді.

«Қаңтар айында болған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде полиция күштері мен әскери қызметшілер елде құқықтық тәртіпті орнату бойынша ауқымды операциялар жүргізді. Тергеу изоляторының ішкі тәртіп қағидаларына сәйкес, уақытша ұстау изоляторына түскен барлық адамдар COVID-19 вирусына ПТР-тестерінің теріс нәтижесімен қабылданады және міндетті түрде медициналық тексеруден өтеді. Дене жарақаттары немесе аурулары анықталған кезде оларға дереу медициналық көмек көрсетілуде. Әрбір осындай факт туралы прокуратура органдарына хабарланады. Мекемеде білікті медициналық көмек көрсету болмаған жағдайда олар азаматтық денсаулық сақтау ұйымдарына жеткізіліп, күзетілетін палаталарда емделеді. Бүгінде осындай тәртіппен 23 адам ем алуда», - деген болатын Нұрділдә Ораз.