© Photo: Pixabay / StockSnap
Қазақстанда блогерлер жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Заңда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі жаңа 456-2 баппен толықтырылды. Онда онлайн платформа пайдаланушылары мен блогерлерге жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Әкімшілік айыппұл сомасы:
• жеке тұлғалар үшін 20 АЕК;
• кәсіпкерлік қызметпен айналысатын блогерлер үшін – 30 АЕК;
• шағын кәсіпкерлік субъектілері, коммерциялық емес ұйымдар үшін - 40 АЕК;
• орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 80 АЕК;
• ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін-100 АЕК.
Сондай-ақ бір жылда қайтадан құқық бұзғаны үшін:
• жеке тұлғаларға - 40 АЕК немесе 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу;
• блогерлерге - 15 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу;
• шағын кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға - 60 АЕК;
• орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 120 АЕК;
• ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 250 АЕК көлемінде айыппұл салынады.