
Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман "Студия 7" эфирінде коронавирус жұқтырып, айығып шыққандар қайтадан ауырып қалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Маманның пікірінше, қайтара ауырмайтыныңызға ешкім де кепілдік бермейді, бірақ COVID-19-ға қарсы вакцина салдырғандар ауруды жеңіл өткереді.
"Қазір жұрт жұқтырып, ауырып жатқан ауру - былтырғыға қарағанда мүлдем басқа түрі. Коронавирусқа қарсы иммундық қорғаныс дельта-нұсқаға келгенде аса тиімді емес", - деді профессор.
Алмаз Шарманның айтуынша, қайталап аурудың басты себебі - вирустың үздіксіз мутациясы.
"Бұл процесс селекциялық қысыммен, вакцинация процесінен қарқын алады. Вирус тығырыққа тірелгенін түсінді, вакцинадан жалтару, бірақ бұл жағдайда ол жұғу қабілетінен айырылады. ОАР мен Бразилияда анықталған бета және гамма-нұсқалар осындай болды. Олар вакцинаға төтеп бере алды, бірақ аса жұқпалы болмады", - дейді маман.
Ал бұған дейін Цюрих жоғары техникалық мектебінің иммунологы Сай Редди 2022 жылы коронавирус штамдар мен мутацияны дамыта алады деп болжаған, бұл қазіргі деңгейден де жағымсыз болады-мыс. Иммунологтың айтуынша, қазірдің өзінде бар дельта штамы COVID-19-ға қарағанда әлдеқайда жұқпалы, сондықтан вакцина алмауды ұйғарғандардың бәрі бір күні бәрібір жұқтырады.
2352 рет оқылды