#
#
Жексенбі 18/04/2021

Аймағамбетов: ЖОО-ларды жеке немесе мемлекеттік деп бөлмейміз

  • 08.04.2021
  • 0
  • 76

Қазақстанда халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті жеке ЖОО-лар баршылық. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Басты мақсат – жоғары оқу орындарындағы сапаны көтеру. Білім және ғылым министрлігі ЖОО-ларды жеке немесе мемлекеттік деп бөлмейді. Себебі мемлекеттік те, жекеменшік жоғары оқу орнында да білім беру сапасы төмен болуы мүмкін. Осы орайда оқу орындары негізсіз жіктеліп, осындай көзқарас қалыптасқан еді. Бізде елде және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті жеке ЖОО-лар бар және оларды мақтан тұтамыз», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Осы орайда ол еліміздегі ЖОО-лар бәсекеге қабілетті емес деген таптаурын пікірді ұмыту керектігін атап өтті. Қазақстандағы оқу орындарының басым бөлігі жоғары сапада білім беруге қауқарлы болып отыр. 

«Сондықтан министрлік жеке және мемлекеттік деп өзара бөлмейді. Бұл тұрғыда сапалы білім беру қызметін ұсынатын оқу орны және білімді тиісті деңгейде бере алмайтын жоғары оқу орны деп қарастырамыз», - деді Аймағамбетов. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар