Білім министрі Асхат Аймағамбетов 16 қазанда көше сыпырған мұғалімдерге қатысты оқиғаға пікір білдірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Министр пікірін Facebook парақшасында жариялады.
"Семей қаласында оқу процесіне кедергі келтіріп, мұғалімдерді көше сыпыруға жіберген. Шамасы, мұндай тапсырманы қала әкімінің орынбасары беріп, осындай мазмұндағы хат мектептерге таратылған. 2019 жылдың желтоқсанында қабылданған Заң шеңберінде педагогтерді өзіне қатысты емес қызметтерге тартуға тыйым салынады. Содан бері мұғалімдер тек тікелей функционалдық міндеттермен айналысуы керек екенін түсіну үшін уақыт жеткілікті болды", - деді министр.
