07 ақп, 2020 сағат 14:20

Аймағамбетов қазақстандықтарды диплом сатып аламын деп алданып қалмауға шақырды

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желілердегі жоғары оқу орындарының дипломдарының сатылатындығы туралы хабарландыруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Интернетте (facebook, instagram) белгісіз адамдардың жоғары білім туралы дипломның сатылатындығы туралы ақпараты бар жарнама тарата бастады. Олар алдын ала төлем жасауды ұсынып, барлық жоғары оқу орындарының тізілімі мен базалық мәліметтерінде мақұлдануына кепілдік береді. Бұл ақпарат алаяқтық жасаудың әдісі саналады. Қырағы болыңыздар және қаскүнемдердің Сіздерді адастыруына жол бермеңіздер», - деп жазды министр Facebook парақшасында.

Оның атап өтуінше, аталған факті бойынша жобалық кеңсе алдын ала тексеру жүргізген. Алаяқтар шынайы әрі заңды берілген дипломдар мен олардың қосымшаларының суреттерін пайдаланған. Олардың иелері 4 жыл бойы білім беру бағдарламасын толық игергеннен кейін ғана аталған дипломдарды алған.

«Алаяқтар өздерінің қызметінің жарнамасы үшін дипломдарының суретін пайдаланған жоғары оқу орындарына біз аталған құжаттары тексеру және жеке-жеке сәйкестендіру туралы сауал жібердік», - деп атап өтеді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің сөзіне қарағанда, ҚР Білім және ғылым министрлігі заңға қайшы мұндай ақпараттардың және қылмыстық әрекеттің жолын кесу бойынша бірлескен шаралар әзірлеу мақсатында Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне үндеу әзірленген.