Фото: zbird.com.ua
Блогер Диана Гагуа Астана барларының бірінде қыз-келіншектерге: "Сізбен танысқысы келетін жігіттің табысы қанша болуы керек?" деген сұрақ қойды. Сауалға алынған жауап желі қолданушыларын таңқалдырды, деп хабарлайды Ult.kz.
Qazaq_tok TikTok парақшасында жарияланған бейнежазбаға сенсек, сұраққа жауап берген алғашқы ару өзімен танысқысы келетін ер-азамат 50 млн. теңгеден аз таппауы керектігін айтса, келесі бойжеткен 30 млн. теңгеге келісетінін айтты.
Сауалнамаға қатысқан арулардың арасында тіпті жігіттің айлық табысы 100 - 200 млн. теңге болмаса бұрылып та қарамайтынын айтып жатқандар бар.
Жауап берген қыздардың бірі "адекватты жауап беруге тырысамын" деп, 4 млн. теңге табатын жігітпен танысуға келісетінін айтты.
Ал адамның ақшасынан жан дүниесі маңызды екенін айтқан бойжеткен 300 млн. теңгеден аз табыс табатын жігітке өзімен араласу жайсыз болатынын айтты.
Алайда комментарий жазған желі қолданулыры қыздардың талаптарына күле қарап, пікірлерімен келіспеді.
"Ондай ақшаны өздерің қолдарыңда ұстап көрдіңдер ме? Тек күлкілі", "Неге айына 30 млн. теңге табатын жігіт сендермен кездесіп, үйленулері керек? Өздерің оларға не бере аласыңдар?" деген сипатта жазбалар қалтырды.
Олардың арасында бойжеткендердің сөздерін түсінбей, таң-тамаша болып, "аспандағы айға қол созғандай" деп қабылдап жатқандары да болды.
"Қыздар, айда өмір сұрасіңдер ме?", "Қыздер, өздерің Қазақстаннансыңдар ма?", "Тым асыра сілтеп жібердіңдер" деп арудардың жауабын түсінбейтіндерін айтып, бұл талаптар үшін ұялатындарын жеткізгендер де болды.
