Әйгілі қазақстандық режиссер Али Шер Сулеймен діни радиказммен күресу жайлы өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Халқымызды діни радикализмнен қорғайтын қанымызда алмас қылыш бар - ол біздің ұлттық дәстүр-салтымыз.
Ғасырлар бойы шыңдалып, елімізге сіңген дәстүр-салтымыздың омыртақысында: кішінің - үлкенге, ағаның - ініге, баланың - ата-анаға, ер адамның әйелге деген қатынасында - мейірімділік, сабырлық, кішіпейілділік, ұстамдылық, ынсап деген имандылықтың түп тамырын құрайтын ұғымдар жатыр. Егер салт-дәстүрімізді қастерлесек, тәрбиенің қылыш-қалқаны осы.
Екіншіден, діни ағартуды дамыту керек.
Қалай, қашан келген дін, қай дін? Дін тарихы, діни ағарту пәндері арқылы мектептен бастап зерттеу артық болмас. Менің ойымша, жастарымызға сонда ғана дінді еркін түсінуге, жете түсінуге саналы жол ашылады» - деді режиссер сұхбаттардың бірінде.
