Елек өзенінің жағасына тынығуға барып, суға батып бара жатқан әйелін құтқармақ болған ақтөбелік суға кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
30 мамыр күні облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне екі адамның суға батып бара жатқаны туралы ақпарат түсті. Олар Ақтөбе қаласы Шие бағы бау-бақша ұжымында демалып, Елек өзеніне суға түскен.
«Су айдындарын аралау жұмыстарын жүргізіп жүрген қалалық төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері 59 жастағы әйелді құтқарды. Ал суға батып бара жатқан әйелін құтқармақ болған 60 жастағы ақтөбелікті аман алып қалу мүмкін болмады. Жедел құтқару жасағының күшімен азаматтың денесі су түбінен 2,5 метр тереңнен шығарылды», - деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
