28 ақп, 2023 сағат 14:36

Әйелдерге Үкіметте жұмыс істеу қиын ба - министр жауабы

Фото: primeminister.kz

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа әйелдерге Үкіметте жұмыс істеу қиын ба деген сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Жалпы, мемлекеттік қызметте әйелдер мен ерлер бөлінбейді. Белгілі бір міндет жүктелген мемлекеттік қызметкерлер бар, біз өз қызметімізді атқарамыз. Мен жұмыс істеймін және маған қиын емес", - деп жауап берді Ажар Ғиният Үкімет отырысы кулуарында журналистердің сұрағына.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі басшысы жұмыс кестесі мен күнделікті жұмыс тәртібін бөлісті.

"Бізде, мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақыты тұрақты емес. Таңғы 8-ден кешкі 9-10-ға дейін болуы мүмкін. Демалыс күндері де жұмыс істейміз. Егер тапсырмалар орындалса, демалыс күндері демалуға болады. Ал жұмыс көп болса, онда жұмыс істеу керек", - деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ, Ажар Ғиният 8 наурыз мерекесі қарсаңында барша әйелдерге денсаулық тілеп, дер кезінде медициналық тексеруден өтудің маңыздылығын айтты.