16 қар, 2022 сағат 14:55

Боксшы Айдос Ербосынұлының жағдайы белгілі болды


WBA тұжырымы бойынша супер орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізіп, комаға түскен Айдос Ербосынұлының (16-1, 11 КО) қазіргі жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Кубалық Дэвид Моррелмен (8-0, 7 КО) жұдырықтасқан отандасымыз кездесудің 12-раундында нокаутпен жеңілген еді. Оның жағдайы туралы Suleimen Promotions компаниясы мәлімдеме жасады.

"Жақсы жаңалық. Біздің батырымыз, екінші орта салмақтағы боксшы Айдос Ербосынұлы отадан кейін терапия бөлімінен қарапайым палатаға ауыстырылды.

АҚШ-тағы компания өкілінің айтуынша, оның денсаулығы едәуір жақсарған. Боксшы әлі де дәрігерлердің бақылауында. Батырымызға қолдау көрсетейік", - деді компанияның баспасөз қызметі.