07 мау, 2021 сағат 14:38

Ауызсу мен кәріз жүйесі жоқ: Әкімлік алматылықтардың шағымына жауап берді


Түрксіб ауданында тұратын алматылықтар әлеуметтік желі арқылы орталықтандырылған кәріз жүйесі мен ауызсудың жоқтығына шағымданды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Түрксіб ауданындағы Баймағамбетов көшесінде жеке секторда тұрамыз. Бізде кәріз жүйесі мен ауызсу жоқ. Жүргізген құбырлардың сыртқа шығып жатқанына 5-6 жыл болды. Біз суды тасып ішеміз. Қаланың орталығында тұрамыз, бірақ су жоқ. Тіпті, ауылдық жерлердің өзінде аулаларда су бар», - деп жазды желі қолданушылары.

Аудандық әкімдіктің мәліметінше, Баймағамбетов көшесіндегі инженерлік желілердің құрылысын аяқтау биылға жоспарланып отыр.

«Жас Қанат» шағынауданының жеке секторында орналасқан 530 үйі орталық коммуникациялармен қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Жол салу жұмыстары Алматы қаласының Мобильділік басқармасы инженерлік желілердің құрылысын аяқтағаннан кейін жүргізіледі. Барлық қажетті өтініштер аудан әкімі аппаратынан құзыреті мекемелерге берілді. Жұмыс мерзімі мен жоспарды уәкілетті органдар анықтайды», - деп жауап берді аудан әкімдігі.