Сергей Седов ауыр атлетикадан Қазақстан ерлер құрамасының аға бапкері қызметінен босатылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Федерация ұлттық құрама командасы жаттықтырушылар штабының айыпталуына байланысты комиссия құруды ұсынды. Оның құрамына спорт ардагерлері мен сарапшылар енеді.
Ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы Тапсир Меңдіхан төраға болатын комиссия ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Сергей Седовті қызметінен шеттету туралы шешім шығарды.
"Тергеу барысында комиссия 28 қыркүйектен бастап мән-жай анықталғанша және қызметтік тергеу жөніндегі тәуелсіз комиссия тиісті қорытынды шығарғанға дейін ерлер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Сергей Седовты қызметінен шеттету туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі.
