Сурет: Білім басқармасы
Алматы облысы Талғар ауданы Қарабұлақ ауылы №22 жалпы білім беретін орта мектебінің түлегі Жаннұр Еңсебек барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, максималды 140 балл жинады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстан тарихынан - 20, Оқу сауаттылығы - 10, Математикалық сауаттылық - 10, екі бейіндік пәннен мүмкін болған 50 сұрақтың барлығына дұрыс жауап берген.
Биыл 5 адам 138 ұпай жинады.
Айта кетейік, ҰБТ басталғаннан бері тестілеу 264 мың рет өтті. Оның ішінде талапкерлердің 75 пайызы емтиханды қазақ тілінде, 25 пайызы орыс тілінде тапсырды. 197 адам ағылшын тілін таңдады.