03 сәу, 2021 сағат 11:15

Ауыл маңындағы жерлер қоғамдық жайылымға айналуға тиіс – заңгер

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жер реформасы комиссиясының отырысында заңгер Бақытжан Базарбек бірқатар ұсыныс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауыл шаруашылығындағы жайылымдық жерлердіңң арнайы радиусын белгілеу керек. Өкінішке қарай, Жер кодексінде де, заңға тәуелді актілерде де радиус туралы жазылмаған. Нәтижесінде ауылдың маңындағы барлық жер шаруа қожалықтарына беріліп тасталған. Сондықтан жер комиссиясының жұмысы аясында Жер кодексінің 109, 110-бабына тиісті өзгерістер енгізіп, нақты радиусты белгілеуіміз керек. Сол радиус аясындағы жерлер қоғамдық жайылым жеріне айналуы тиіс», - дейді «Bazarbek&Partners» заң компаниясының бас директоры Базарбек Жұмабекұлы. 

Ол радиус жергілікті атқару органының тиісті міндетіне айналуы керек

Оның айтуынша, аталған радиустағы жайылым жерлерін жергілікті атқару органы өз бақылауына алуы тиіс. 

«Егер халыққа тиісті жайылым жері жетпей тұрса, 1-2 шақырым радиус көлеміндегі ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет өз қажеттілігі үшін алып, оны қоғамдық жайылымға айналдыруы керек», - дейді ол.