Фото: ашық дереккөз
АҚШ Президенті Дональд Трамп жүкті әйелдердің парацетамол (тайленол, ацетаминофен) қолдануы балаларда аутизм қаупін арттыруы мүмкін деп мәлімдеді.
Ол Ақ үйде сөйлеген сөзінде елдің медицина билігі әйелдерге бұл препаратты қолдануды шектеуді ұсынып отырғанын жеткізді. Трамптың сөзін C-Span телеарнасы жариялады.
Алайда ғалымдар мен дәрігерлер президенттің мәлімдемесін сынға алды. Олар парацетамол мен аутизм арасындағы байланысты дәлелдейтін ғылыми деректердің жоқ екенін айтып, бұл пікірдің негізсіз екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Трамп жаңа туған нәрестелерге В гепатитіне қарсы вакцина салудың қажеті жоқ екенін де алға тартты. Оның айтуынша, екпе тек 12 жастан кейін ғана зиянсыз болуы мүмкін. Ал медицина саласының мамандары мұндай пікірмен келіспейді. Олар бауырдың қауіпті ауруларының алдын алудың ең тиімді жолы – нәрестеге туған сәттен бастап екпе жасау екенін еске салды.
