Қазақстан Президентінің Ауғанстандағы арнайы өкілі Талғат Қалиев Ауғанстаннан бізге 200-ден аса этникалық қазақ көшірілуі мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Президент этникалық қазақтарды отанына қайтаруға тапсырма берді. Қазір Қазақстан елшілігінің барлық ресурсы осы жұмысқа жұмылдырылды. Қазақстан елшілігінің мәліметі бойынша, онда шамамен 13 отбасы бар. Бұл 200 адам. Бұл көрсеткіш өсуі де мүмкін", - деді Талғат Қалиев.
Елші бұл процесс уақытты қажет ететінін, өйткені тұрғындар ұлтын растайтын құжаттарды елшілікке ұсыну қажет екенін айтты.
"Бұл комиссияда қаралады. Мемлекет басшысы барлық рәсімді жеделдетуді тапсырды. Айта кетейік, бұл әркімнің ерікті тілегі - елден кету немесе қалу. Жақын арада олар Ауғанстаннан кете алады деп үміттенеміз. Ондағы қазақтардың нақты санын анықтау қиын", - деді Талғат Қалиев.
