26 там, 2021 сағат 17:45

Ауғанстандық студенттерді Қазақстанға әкелу қосымша қаралады - министрлік


Бүгінгі таңда Ауғанстандағы саяси-әскери ахуалдың нашарлауына байланысты ауған тарапымен Қазақстанда білім алатын студенттерді әкелу мәселесін талқылауға мүмкіндік жоқ. ҚР Білім және ғылым министрлігі осылай мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі Ауғанстан стунденттерін Қазақстанға әкелу үшін арнайы чартерлік рейс жөнелтілуі мүмкін деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. 

«Қазіргі таңда ҚР құзырлы органдары еліміздің оқу орындарында оқитын ауған студенттеріне қатысты тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр. 

Бүгінгі таңда Ауғанстандағы саяси-әскери ахуалдың нашарлауына байланысты ауған тарапымен тасымалдау мәселесін талқылауға мүмкіндік жоқ. 

Осы ретте ауған студенттерінің Қазақстанға келуіне қатысты логистикалық мәселелер қосымша қарастырылатын болады», - деп жазылған ведомствоның ресми мәліметінде.