11 қаң, 2022 сағат 14:50

Фейк: «Ауғанстан азаматтарын Қазақстанға 2021 жылы жазда әдейі әкелген»


Telegram мессенджерінде Ауғанстан азаматтары Қазақстанға өткен жылы жазда Үкіметтің бұйрығымен әкелінгені туралы хабарламалар таратылуда. Оларды Шымкентте орналастырған екен. Бұл - фейк, деп хабарлайды Stopfake.kz сайты.

Бұл қауесетті ҚР Сыртқы істер министрлігі жоққа шығарды.

– Ондай ештеңе болған жоқ. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.