29 қаң, 2020 сағат 06:55

Атыраулық шенеунік пара алды деген күдікпен ұсталды

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы сыбайлас жемқорлыққа жасады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік тағылған Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол жүйелі түрде пара алды деп күдіктелуде, бірінші жағдайда – өзіне бағынышты тұлғадан оны қызметте көтермелеу және жалпы қамқоршылығы үшін талап етілетін 10 мың АҚШ долларынан 3 мың АҚШ долларын, екінші жағдайда – жеке кәсіпкерден оның кәсібін салықтық тексеріссіз жабуға жәрдемдескені үшін 490 мың теңге пара алған.

Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Оның кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.