26 қар, 2022 сағат 10:13

Атырауда тәрбиеші аутист балаға дөрекілік танытқан - видео


Атырауда аутист балаға дөрекілік танытқан тәрбиешінің әрекеті видеоға түсіп қалды. Баланың анасы полицияға жүгінді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әйел адам ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған түзеу орталығында орнатылған бақылау камераларына түсірілген бейнежазбаны Instagram-парақшасында жариялады.

Атырау облысы Полиция департаменті өкілдері бұл іске қатысты тергеу жүріп жатқанын айтты.

"Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігімен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды", - деп хабарлады Атырау облысы Полиция департаменті өкілдері.