04 сәу, 2019 сағат 14:43

Атырауда мемлекетаралық іздеу жарияланған жасөспірім ұсталды

Қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеу жарияланған Қызылорда тұрғыны қыс бойы Атырауда жасырынып жүрген. Бұл туралы ATPress.kz редакциясына Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева хабарлады, деп жазады Sputnik.

Оның айтуынша, 17 жастағы жасөспірім өткен жылдың желтоқсанында Шымкентте қарақшылық шабуыл жасады деген күдікке ілінген. Осы оқиғадан соң оған мемлекетаралық іздеу жарияланып, наурыз айында Атырауда ұсталған.

Қашқын қамауға алынып, Қазақстан Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігі (қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қайсағалиеваның айтуынша, өткен жылы атыраулық полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген 88 азаматты (оның 18-і шетелдік) ұстаған.