02 мау, 2018 сағат 13:27

Атырауда кісі өлтірді деген күдікпен жігіттердің ұсталған сәті видеоға түсіп қалды

Атырауда кісі өлтірді деген күдікпен ер адамдарды ұстау операциясы видеоға түсіп қалды, деп хабарлады mgorod.kz.

Порталдың мәліметінше, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің екі күдіктіні ұстаған сәті видеоға түсіріліп, әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Видеодан қара түсті Volkswagen Passat көлігінің қоршауға алынып, "Лежать! Жат! Полиция!" деген дауыстардың шыққанын байқауға болады, олар көліктің терезелерін шағып, екі жігітті жерге жатқызды.


Видеомен қатар тараған анықтаманың суретіне қарағанда, ер адамдар кісі өлтірді деген күдік бар.