18 қаз, 2018 сағат 08:38

Атырауда экс-әкім Бергей Рысқалиев ісіне қатысты сот отырысы өтеді

Атырауда экс-әкім Бергей Рысқалиев пен оның сыбайластарына қатысты басты сот талқылауы өтеді.

«Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 18 қазан күні сағат 09:30-да Атырау облысының бұрынғы әкімі Б.Рысқалиев пен ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша (ескі редакцияда) айыпталып отырған 8 сотталушыға қатысты басты сот қарауы болып өтеді. Қылмыстық іс 754 томнан тұрады. 2018 жылдың 3 қазанында бұл іс бойынша алдын ала тыңдау өткен. Сотталушылардың оған келмеуіне байланысты, іс сырттай тәртіпте қарастырылады», - делінген баспасөз хабарламасында.