Атырау облысында 1,5 мың тонна дизель отыны мен 400 тонна мазутты заңсыз сату фактісінің жолы кесілді, деп хабарлайды Қаржы мониторингі комитеті.
Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында құжаты жоқ 1,5 мың тонна қысқы дизель отыны мен 400 тонна мазутты заңсыз сату фактісінің жолын кесті.
Жылыой аудандық сотының үкімімен Атырау қаласының тұрғыны ҚР ҚК 197-бабы 4-бөлімі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.