Атырау облысындағы ауылдардың бірінің тұрғыны өзінің 4 айлық баласын пышақтап өлтірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қайғылы жағдай Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылында болды. Онда 41 жастағы әйел өзінің 4 айлық баласын өлтірді. Нәресте анасы бірнеше рет пышақ сұққан соң жантәсілім еткен. Аталған оқиға бойынша, 99 бап, 2 тармақ, 3 тармақша бойынша (Өздігінен әрекет ете алмайтын адамды өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деді Атырау облыстық полиция департаментіндегілер.
Адам өліміне күдікті ұсталды.
