27 сәу, 2021 сағат 14:48

Атырау облысында суға батып кеткен баланың денесі табылды


Атырау облысында кешеден бері іздестіру жұмыстары жүргізіліп, суға кеткен 9 жасар баланың денесі табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 26 сәуір күні суға батып кеткен 9 жасар баланы іздестіру жұмыстары бүгін таңертең қайта жалғасты. 

Қайғылы оқиға Жылыой ауданындағы Құлсары қаласының жанындағы Құрсай каналында болды. 

Құтқарушылар, туған-туыстар, еріктілер іздестіру жұмыстарын түні бойы жүргізді. Бүгін таңертең сүңгуірлер іздеуді қайта бастады. Суға батқан бала алғашқы сүңгу кезінде-ақ сағат 06 сағат 35 минутта табылды. Денесі сараптама жүргізу үшін құқыққорғау органдарының қызметкерлеріне берілді.