25 там, 2017 сағат 13:12

Атырау облысында полицей пара алып жатқан жерінде ұсталды

Атырау облысы ІІД Индер аудандық бөлімінің  аға тергеушісі пара алу үстінде ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2 Атырау қалалық сотының тергеуші судьясы полицейді қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды. Оған жергілікті тұрғыннан пара алды деген күдік келтірілуде. Тергеу жорамалына сәйкес, аға тергеуші тұрғыннан баласының қылмыстық ісін жабу үшін ақша талап еткен. Сонымен қатар тергеуші жасалған қылмыс туралы оқу орнына хабар бермеуге уәде еткен. Жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері тергеушіні пара алып жатқан жерінен ұстады», - деп хабарлады №2 Атырау қалалық сотынан.