17 мам, 2021 сағат 16:25

Атырау облысында көмір тиелген жүк көлігі өртенді


Атырау облысында көмір тиелген жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Махамбет ауданы әкімдігінің мәліметінше, жүк көлігінің тіркемесі кеше, 16 мамырда Махамбет ауданындағы Ортақшыл ауылының маңында өртенген. 

Өртті аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары сөндірген. Жүк көлігінің «Ава Транс Логистик» компаниясына тиесілі екені анықталған. Көлікке тиелген көмірді Маңғыстау облысына жеткізу көзделген. 

Жүк көлігіндегі өрттің шығу себебі анықталуда.