10 қар, 2022 сағат 14:25

Атырау облысында 14 жастағы жүргізуші қаза тапты - ІІМ ата-аналарға үндеу жасады


ІІМ қазақстандықтарды жолда барынша сақ болуға шақырады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство өкілі балалардың жолдағы қауіпсіздігі әрқашан полиция бақылауында болатынын атап өтті.

"Түсіндіру жұмыстарына қарамастан, балалардың жол-көлік оқиғасына түсуі азаймай отыр. Өкінішке қарай, қазіргі заманауи ата-ана тәрбиесі балаларға көптеген еркіндік береді. Ол өз кезегінде қайғылы жағдайға айналуы мүмкін.

Ата-аналар балалардың "сынақ пен қате" арқылы үйрену қабілетін асыра бағалайды. Кей жағдайларда ата-аналар қауіпсіздік туралы ойламай, балаларына автокөлік кілттерін береді. Бұл деректер кәмелетке толмағандардың және жол жүрісіне қатысушылардың өміріне қауіп төндіреді", - делінген хабарламада. 

Жыл басынан бері Қазақстанда жасөспірімдердің көлік тізгіндеу әрекеттерінен 70-тен аса жол-көлік оқиғасы болып, онда 10-нан аса адам қаза тауып, 90-нан астам адам жараланған.

"Мәселен, кеше Атырау облысында Жасталап ауылының жанындағы жолда Toyota автокөлігінің кәмелетке толмаған жүргізушісі небәрі 14 жаста болғандықтан басқаруға ие болмай, аударылып қалды. Салдарынан бала қайтыс болды, ал оның 4 жасөспірім жолаушысы ауруханаға түсті.

Осыған байланысты ІІМ көлік құралын басқару құқығы жоқ адамға бергені үшін жауапкершілік туралы ескертеді (ӘҚБтК-нің 612-бабының 5-бөлігі).

Сондықтан ата-аналарға дәл бүгін, кейінге қалдырмай, балалармен жол қауіпсіздігінің негізгі қағидаларын талқылауға кеңес беріледі. Бұл кеңестер баланың жадында сақталады және қауіпті жағдайлардың тәуекелін азайтады", - деді ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.