Атырау мұнай өңдеу зауытының 700-ден астам қызметкері вакцина салдырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«АМӨЗ» ЖШС-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кәсіпоры мен мердігер мекемелердің 700-ден астам қызметкері «Спутник V» вакцинасын салдырған. Бұл – кәсіпорын қызметкерлердің шамамен 30%-ы. Ал, 160 қызметкер вакцинаның ІІ компонентін алып отыр.
«Мен үнемі жұмыста боламын. Кәсіпорынның инженерлік-техникалық құрамымен, мердігер мекемелердің қызметкерлерімен тығыз байланыста жұмыс істеймін. Сондықтан, COVID-19 инфекциясына қарсы екпе салдырдым. Жаппай вакциналау ғана қауіпті вирустың таралуын тоқтатады. Вакцина жақындарымыздың денсаулығы мен өз қауіпсіздігімізге алаңдамай, қалыпты жұмыс кестесіне оралуға көмектесетініне сенемін» - дейді мұнайды терең өңдеу өндірісінің бастығы Абат Әбілхайыров.
