07 жел, 2022 сағат 18:44

Атып алынған аюмен суретке түскен адам анықталды


Жетісу облысының полицейлері атып алынған аюмен фотоға түсіп, әлеуметтік желіге жариялаған адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгілі болғандай, сурет осы жылдың қыркүйек айында Ескелді ауданының тауларында түсірілген.

"Суреттегі адам 41 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам ұсталып, аудандық полиция бөліміне айғақ беру үшін жеткізілді. 

Іс бойынша тергеу ҚР ҚК 337-бабына сәйкес "Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты жасалған" жүргізіліп жатыр" - делінген хабарламада.

Қылмыстық істі тергеуді облыстық Полиция департаменті бақылауға алған.