27 қаз, 2017 сағат 12:23

Атамбаев өз саясатын қолдамайтындарға елден кетуді ұсынды

Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев өз саясатымен келіспейтіндерге басқа елге көшуге кеңес берді, - деп жазады 24.kg. Бұл туралы ол сенім грамоталарын тапысру кезінде мәлімдеді. 

"Тәуелсіздікті қорғау керек. Қырғызстан саяси тұрақсыз ел бола алмайды. Соңғы оқиғалар Қырғызстанға кімнің жаны ашитынын, ал кім оны сатып кетуге барын көрсетті. Тәуелсіздік үшін жанпида етеміз, ата-бабамыздың жолымен. Ал отансүйгіштік кім үшін құр сөз болса, өзіне жайлы орын іздей берсін, сол жерден ақшасы мен қолдауын табар", - дейді Атамбаев. 

Сонымен бірге, ол бауырлас Қазақстанмен азаматтықты алудың жеңілдетілген процедурасы барын айта кетті. "Мархабат, жолдарыңыз ашық, қуана қарсы алар. Онда жер көп", - деп атап өтті ол.

Еске салайық, Қырғыз Республикасында 15 қазанда президент сайлауы өткен болатын. Бұл орынға 11 үміткер таласқан болатын. Ал сайлауда Алмазбек Атамбаевтың ізін басушы - бұрынғы премьер Сооронбай Жээнбеков жеңіп шықты.

kaz.tengrinews.kz