17 қар, 2017 сағат 12:42

Атамбаев Ресейге сапарлап барады

"Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 17 қарашада жұмыс сапарымен Ресейге барады", - деп хабарлады президент аппаратына сілтеме жасаған Азаттықтың Қырғыз редакциясы.

Атамбаев VI Санкт-Петербург халықаралық мәдени форумына қатысады. Форум Маринский театрында өтеді.

Қырғыз президенті сонымен қатар Ресей басшыларымен кездесіп, екі жақты қарым-қатынас талқыланады деп жоспарланған.

8 қарашада Алмазбек Атамбаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефонмен сөйлескен. Олар Қырғызстан-Ресей қатынастары мен бірлескен жобаларды іске асыру жайын талқылаған. Путин Атамбаевты форумға қатысуға сол кезде шақырған.