20 қар, 2017 сағат 11:15

Атамбаев: Қызметімді тапсырып, жеңілдеп қалатын болдым

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев қызметін тапсырып, "жеңілдеп қалатынын" мәлімдеді. Бұл жайында ол дүйсенбіде Бішкекте өтіп жатқан қорытынды баспасөз конференциясында айтты.

Оның сөзінше, президент қызметін атқарған алты жыл "ұзақ және ауыр" болған. "Ұйықтамаған күндер де болды. Бірақ Құдайға шүкір, бұл жүкті абыроймен арқалай алдым" деді Атамбаев.

Ол демалғысы келетінін де айтты.

Атамбаев президент қызметіне 2011 жылдың 1 желтоқсанында кіріскен. Биыл 1 желтоқсанда оның өкілеттігі толығымен аяқталады.

Жаңа сайланған президент Сооронбай Жээенбековті ұлықтау шарасы 24 қарашада өтеді.