27 там, 2021 сағат 13:37

Ата-аналардың көпшілігі оқу процесін дәстүрлі форматта ұйымдастыруды жөн көреді – ҚСЗИ


Жаңа оқу жылы қарсаңында ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мектеп оқушыларының ата-аналары, қамқоршыларымен телефон арқылы сауалнама жүргізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауалнамаға тамыздың 16-сы мен 22-сі аралығында еліміздің барлық аймақтарынан (14 облыс пен республикалық маңызы бар қалалар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент) 1 200 респондент қатысты. 

Сауалнаманың негізгі нәтижелері:

Ата-аналардың көпшілігі оқу процесін дәстүрлі форматта ұйымдастыруды жөн көреді, офлайн форматқа қайтып көшу үшін ата-аналар білім ордасында санитарлық талаптарды толыққанды сақтауға дайын. 

Ата-аналардың 2/3 бөлігінен астамы мектеп ғимаратына Ashyq қосымшасы арқылы кіру талабын қолдайды. 

Екпенің түрін таңдауды ұсынған жағдайда сауалнамаға жауап берген ата-аналардың 19,6% өз баласына екпе салдыруға дайын.

Балаларға екпе салудан бас тартудың негізгі себептерінің бірі - балаларда сәтті сынақтан өткен екпенің болмауы.