Ол 9-сынып оқушысының ата-анасымен кездесу ұйымдастырып, жанжалды бейбіт жолмен шешуге сендірмек болғанын, бірақ мектеп басшылығы қарсы болғанын түсіндірді.
"Ол менің баламның сынып жетекшісі болды. Тоқсанның соңы, тоғызыншы сынып оқушылары сынып жетекшісінсіз қалдық. Мен не болғанын нақты білмеймін, бірақ бізді де түсіну керек. Ол жақсы мұғалім. Кешірім сұрай алады, айыппұл төлей алады. Бірақ сыныпты сынып жетекшісінен айырды. Ол жақсы атмосфера құрды. Біздің сыныпта барлығы оның жұмыстан босатылуына қарсы", - деп қосты оқушылардың бірінің анасы Жанел Сексенбаева.
Журналистер мектеп директорына хабарласа алмады.
"21 қазандағы бұйрыққа сәйкес, №3 мектеп-гимназиясының сынып жетекшісі Окружко Снежана Николаевнамен еңбек шарты бұзылды. Мұғалімге қатысты қызметтік тергеу жүргізілді. Ата-аналардың өтінішін педагогикалық этика кеңесі қарады", - деп түсіндірді Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы.
Снежана Окружконың айтуынша, кәсіподақ та, мектеп заңгері де оны жақтамаған.
"Мен сабақта әзілдесіп, баланы оқулықпен қағып жібердім. Бірақ арамызда жанжал болған жоқ, олар күлді, бәрі жақсы сияқты болды. Содан кейін ата-анасы айыптап келді. Мен, әрине, кешірім сұрадым. Мен әлі де сабаққа келіп, балалардан кешірім сұрауға дайынмын. Себебі менде ешқандай жаман ой болған жоқ. Мен қателескеніммен келісемін. Ата-аналар өз сыныбында сабақ бергенімді қаламайтындарын айтты. Әрине, келістім.
Бірақ директор маған телефон соғып, "Педагогикалық этиканы бұзу" бабы бойынша жұмыстан босатылғанымды жеткізді", - деп бөлісті ұстаз.
Оның айтуынша, жұмыстан босату туралы шешімді директор қабылдаған.
Кешке көптеген қоңыраудан кейін Снежана Окружко шәкірттері мен олардың ата-аналары оны жақтағанын білді.
Енді мұғалім оқиғадан кейін еңбек кітапшасын алуға алғаш рет мектепке келуді жоспарлап отыр. Оның айтуынша, ол бұрын мектеп директорымен жанжалдаспаған.