Фото: instagram.com/zeineladilet
Ерлікпен қаза тапқан Ұлдана Мырзауанның күйеуі, дәрігер Әділет Зейнел Threads желісіндегі парақшасында қазақстандықтарға көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Ult.kz.
Әділет Зейнел қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін, жарына дұға еткені үшін алғыс айтып, жазба жариялады. Сондай-ақ ол енді жұбайының өліміне қатысты іс бойынша тергеудің әділ өтуіне баса назар аударатынын атап өтті.
"Ешқандай медаль,ешқандай сөздер менін жүрегімнің иесін маған қайтарып бере алмайды. Үйіме нұр, құт-береке әкелген Алла қосқан адал жарымның тілеуін тілеген барша қазақ еліне алғысым шексіз. Осы уақытқа дейін Алладан жүрегімді аман алып қалуын тілеп, қасында барынша көп болып, дұға еттім, бәрін сабырға салдым. Ендігі менің талабым – соттың адал өтуі, тергеудің адал қаралуы. Құдай қосқан қосағымның жаны тыныш болуы үшін осыны аяғына дейін алып бару керек. Жауаптылар жазасын алуы керек!" - деп жазды Әділет Зейнел.
Естеріңізге сала кетейік, күні кеше жақындары мен астаналықтар үстіне кондиционер құлап, ауруханада қайтыс болған фельдшер Ұлдана Мырзауанды ақтық сапарға шығарып салды. Фельдшердің рухына қоштасу сиренасымен құрмет көрсетілді.
